Қостанай облысында газ құбырларын жөндеу үшін тендер ұтып алғың келсе шенеунікке 10 миллион теңге тұратын шетелдік көлікті сыйға тарт! Ақтөбе облысында «Ұлттық сараптама орталығын» басқарып отырсаң қол астыңдағы қызметкерлерден 3,5 миллион теңге ақша жинап алсаң болады. Ал Атырау облысы әкімінің орынбасары болсаң, әлеуметтік әлсіз отбасы балаларына арналған Президент шыршасына деп бөлінген 39 миллион теңгенің белгілі бір көлемін қалтаға бассаң артық болмайды. Соңғы 10 күнде әр өңірде тергеліп жатқан істердің бірқатары осы. Ақпараттық сайттарды ашып қалсаң болды, «жеп қойыпты, тартып алыпты, қалтасына басып алыпты» деген ақпараттан көзің сүрінеді. Бұл індеттен қалай құтыламыз?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан