Алматыда аштық жариялаған белсенділерді босатуды талап етті

Алматыда аштық жариялаған белсенділерді босатуды талап етті. 24 желтоқсанда бір топ азамат Алматыдағы Лобачевский көшесіндегі уақытша қамау орнына барып, бірнеше күннен бері аштық жариялап жатқан белсенділерді босатуды талап етті. Тәуелсіздік күні қарсаңында “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды“ деп айыпталып, 10-15 күнге қамалған бірнеше адам желтоқсанның 20-сы күні өткен аппеляциялық соттың шешімінен кейін, наразылық білдіріп, аштық жариялаған еді. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, олар өздері сияқты айыпталып, қамалған жиырмадан астам адамды босатуды талап еткен.
Back to Top