Тыйымға қарамастан “Жер митингісіне“ шыққандар билікке шарт қойды

Алматыда “Жер митингісі“ өтті. Алаңға келген жұрт “орман өсіру үшін“ жерді шетелдіктерге жалға беруге үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Бұл заң жобасы қазір сенаттың қарауында жатыр. Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашы топ басшысы Жанболат Мамай бастаған топ “талап орындалмаса, аштық жариялаймыз“ деді. Қазақстанның өзге өңірінде митинг белгіленген орындарда күзет күшейіп, кейбір белсендіні полиция үйінен ұстап әкетті.
Back to Top