Коронавирус жұқтырғандар саны – 57

Коронавирус жұқтырғандар саны соңғы мәліметтер бойынша 57 адам. Олардың 31-і Нұр-Сұлтанда, 23-ші Алматыда, 2 жағдай Қарағандыда, тағы біреуі Талдықорғанда тіркелді. Айта кету керек індет жұқтырғандар арасында 4 айлық нәресте де бар. Тағы бір ескеретін жайт, науқастар саны Астанада көп болғанымен, ең қауіпті аймақ ретінде Алматы танылып отыр. Мамандар шаһарда коронавирустың он ошағын анықтаған. Қазір ол аумақтар оқшауланып, тұрғындарға себепсіз далаға шығуға тиым салынған. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top