Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын азайып келеді. Мәселен, өткен апталарда екі мыңға жуық адам қауіпті кеселдің құрығына іліксе, бүгінде бұл көрсеткіш едәуір кеміген. Өткен тәулікте 337 отандасымыздан осы вирус анықталыпты. Олардың тең жарымынан астамы симтомсыз. Осылайша, Қазақстанда әлемді әбігерге салып жатқан жұқтырғандар қарасы 103 мыңнан асты. Өкінішке қарай, кооронавирус бір күнде 18 адамның өмірін қиған. Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмған. 1219 қазақстанды кеселді жеңіп шықса, 19 мыңға жуық жерлесіміз әлі ем-дом қабылдап жатыр. 406 науқастың жағдайы нашар, олардың арасында өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да бар. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top