«Қызыл аймақтағы» елдімекендерде талап күшейтілді

Осы коронавирус өткен тәулікте 819 адамнан анықталып, оны жұқтырғандар саны 134 мың 706 адамға жетті. Олардың 118 мыңнан астамы жазылған. Ал, “қызыл аймақтағы“ Ақмола облысында карантин талаптары күшейтілді. Өңір тұрғындарына кешкі тоғыздан кейін үйден шығуға болмайды. Тек қатты қажет болғанда медициналық мекемеге, азық-түлік пен дәрі-дәрмек алуға рұқсат. Ал жол жүру мен тауар құжатын, іссапар қағазын, медициналық мекемеге жолдаманы, редакциялық тапсырмаларды растайтын құжаттарды көрсеткен кезде облыс аумағындағы санитарлық бекеттерден кедергісіз кіріп-шыға аласыз. Айта кетейін, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары да әлі күнге «қызыл аймақта». Алматыдағы ахуал біршама жақсарып, «жасылға» ауысты. «Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Back to Top