Ұлы Абайдың суретін сумен салды

Сурет салу десе түрлі-түсті қарандаш, бояу, көлдей қағаз көз алдымызға келеді. Бірақ қолөнер шеберлері қазір шаблондарды бұзып, жұртты шексіз талантымен таңғалдыруда. Солардың бірі алматылық Джохар Юнусов. Бес жасынан бері қолынан қылқаламы түспеген жас жігіт 18 литр сумен Ұлы Абайдың портретін салып шықты. Ерекше тәсілмен елдің назарын жаулаған шебер ақынның 175 жылдығына осылайша тарту жасауды жөн көріпті. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top