“Абай аманаты“ атты онлайн концерт

10 тамыз - Абай күні! Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, композитор, аудармашы, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. Осы орайда, облыстық филармонияның «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, дәстүрлі орындаушылар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Ақмарал Ноғайбаева мен Майра Сәрсенбаева, Әділхан Қуаңбаев, Марат Сүгірбай, Сыр елі баритондары, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Айдос Иманжаппаров, Мағжан Аманжолов, Біржан Серіктің ұлы тұлғаны дәріптеуге бағытталған «Абай аманаты» атты онлайн концертін назарларыңызға ұсынамыз. Қара сөзін оқығандар: Амандық Иманжаппаров және Айдар Ақботаұлы #Онлайнконцерт #Абайкүні
Back to Top