Өңірлерде коронавирус өршіп барады

#КТКжаңалықтары Қостанай облысында қауіпті дертке шалдыққан алғашқы науқас анықталды. Ал Өскеменде коронавирус жұқтырған зейнеткермен қарым-қатынаста болған 198 адам карантинге жабылды. 82 жастағы қария вирусқа шалдыққанын білмей жүре берген. Тек ауруы асқынғанда ғана дәрігерге көрініпті. Сондай-ақ, сауық-сайран құрып жүргендердің арасында да індетке шалдыққандар бар. Салдарынан елімізде науқастардың саны көбейе түсті. Соңғы мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш 460-қа жеткен. #Қостанайоблысы #дерт #коронавирус #науқас #coronavirus #COVID19 #коронавирусҚазақстан
Back to Top