Аптаның басында азық-түліктің бағасы бүлік шығарды. Дүкен сөрелері мен базарларда біраз тауардың құны секіріп шыға келді. Және бұл құбылыс елдің миллионер қалаларында ғана емес, өңірлерден де байқалды. Доллардың 400-ге жетуі, коронавирус төңірегіндегі қауесеттер онсыз да сезімтал нарыққа келіп, қымбатшылықтың көрігін үрлегендей.
Ал сәуегейлер болса, доллар 420-ға дейін көтеріліп барып басылады, дағдарыс екі айға созылады деп долбарлап отыр. Көріпкелді қайдам, ресми статистикаға жүгінсек, қымбаттау 1.9 пайызға жетіпті. Әріптесіміз Артур Мағзом базарларға шығып бағалармен танысып қайтты. Жұрттың пікірін де ала келді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан