Жағдайы бола тұра ораза ұстамаған адамнын үкімі

Алла Тағала әрбір ораза ұстауға денсаулығы жарайтын, балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін мұсылманға оразаны парыз етті. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген:فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ «Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді»(«Бақара» сүресі, 185-аят.). Бұл аяттың мағынасынан Алла Тағала құлдарының кейбіріне Рамазан айында белгілі бір себеппен ораза ұстамауға рұқсат еткенін аңғарамыз. Солардың ішінде Рамазан айында ораза ұстамайтын, бірақ содан кейін қазасын өтейтін ада
Back to Top