Үйіңізде ақша көп болсын десеңіз...

Көптеген адамнан отбасында қаржылық қиындықтар туындап, тапқан табысы тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуге жетпейтінін жиі естиміз, - деп хабарлайды тілшісі -ке сілтеме жасап. Ендеше үйіңіздегі ақша көбейе түсу үшін аптаның әр күні қандай амал-тәсілдерді орындауға болады? Дүйсенбі. Дүйсенбі күні ақшаны жаратуға қатысты ел арасында көптеген ырым-жоралғы бар. Астрология ғылымының зерттеулеріне сай дәл осы күні Айдағы өзгерістердің ықпалында болады. Түрлі зерттеуге сенсек, аптаның алғашқы күні Айдың қарамағында болады екен. Сол себепті дүйсенбі күні үлкен сомадағы тауар сатып алуға немесе қарызға ақша беруге болмайды деген ырым бар. Бұл күні ақшамен не істеу керек: Бұл күні ақша есептеуге болмайды. Қаржылық жоспарларыңызды бұл күні орындамаңыз, оны демалыс немесе аптаның басқа күндері жасаған жөн. Аяқ астынан тауар алуға асықпаңыз, олар сізге пайда әкелмейтін болады. Тек үйге қажет заттарды: азық-түлік, гигиена заттары, тұрмыстық химия заттарын ғана сатып алыңыз. Несие рәсімдеп, қарыз алуға асықпаңыз, себебі оны қайтару сізге қиынға соғуы мүмкін. Дүйсенбі күні түшкірсеңіз, жақсылықтың белгісі – тосыннан сыйлық алуыңыз мүмкін. Көршіңізден немесе туған туысыңыздан осы күні кез келген зат алсаңыз (тұз, бұрыш, бақшаға керек заттар және т.б.) үйіңізге ақша “келетін“ болады. Сейсенбі. Сейсенбі көптеген бастама мен шешім қабылдауға қолайлы күн болып саналады. Сейсенбі күні ақшаға қатысты қандай наным-сенімдер бар? Бұл күні сіз қаржылық операцияларды жоспарлап, оларды жүзеге асыра аласыз. Төлемдер мен сатып алулар сәтті болады, ал ақшаға қатысты қатысты кез келген өзгеріс үйіңізге пайда мен табыс әкеледі, себебі бұл күн қуатты Марстың ықпалында. Сейсенбіде ақшаға байланысты төмендегідей ырымдарды орындауға болады: Бұл күні тырнақтарыңызды дөңгелек немесе шаршы пішінді етіп алып тастаңыз. Әмияныңызды ашып, ондағы кез келген ақшаны алып былай деңіз: “Ақша үстіне ақша келе жатыр және менің әмиянымда ақша көп қалады. Менің байлығым артып, бұдан да көп бола түседі“. Сәрсенбіде осы айтылған ақшаңызды өзіңіз ұнаған затқа жұмсаңыз. Үйіңізде ақша тарту үшін әмиянға лавр немесе жалбыз жапырағын, бұршақ дәнін, ескі монета немесе демалыстан әкелген өзге елдің ақшасын салып қойыңыз. Сейсенбі күні туылған ер адам әрқашан ақшалы болады. Осы күні дүние есігін ашқан азаматты іздеңіз және бұл күні ұлыңыз туылса қуаныңыз. Сейсенбі күні өзгеден ақша алмаңыз, ал егер несие алсаңыз, оны төлеуге ұзақ уақыт кететінін әрі қайтару оңай болмайтынын естен шығармаңыз. Сәрсенбі. Сәрсенбі күні ақшаны көбейту үшін нені қолға алған жөн? Сәрсенбі күні қайырымдылықпен айналысу керек. Ол үшін ақшаны жағдайы төмен отбасыларға таратыңыз, өзіңіз үйде жеті нан пісіріп, оны туыстарыңызға таратыңыз. Сәрсенбі күні ақшаны көбейтуге қатысты тәсілдер төмендегідей: Ірі ақшаны ұсақтап, оны қайыр тілеушілерге беріңіз. Осы жұмсаған ақшаңыз сізге мың еселеніп айтатынын естен шығармаңыз. Сол жақ табаныңыздың астына монета жабысып қалса, онда табысыңыз еселене түседі деген сөз. Үйіңізде салмасы әр түрлі пирогтар пісірсеңіз, табысыңыз артады. Ол үшін мұндай пирогты сәрсенбі күні әзірлеуге асығыңыз. Бұл күні кез-келген сатып алған нәрсеңіз сәтті болады, мысалы интерьерге арналған бұйымдарыңыз сізге қуаныш сыйласа, ал киімдеріңіз сізді одан ары көрікті ете түседі. Барлық сатып алынған заттар сізге ұзақ әрі сапалы түрде қызмет ететін болады. Меркурий бұл күннің күннің қамқоршысы, ол сізді даналыққа, логикалық және интеллектуалдық шешімдерге жетелейді. Сол себепті сәрсенбі күні басшылықтан жалақыны көтеруді еш қорықпай сұрай берсеңіз болады. Бейсенбі. Бейсенбіде қаржыны көбейтуге қатысты не істесе болады? Бұл күні қарыздарды қайтарып, қаржылық сипаттағы кез келген істі бастауға болады. Мысалы несие рәсімдеу, депозит ашу, мүлік немесе көлік үшін бастапқы соманы төлеу және т.б. Ақшаға қатысты барлық істі тек шын жүректен, таза ниетпен бастау керек. Жалпы бұл күні мынадай іс-әрекеттерді қолға алу керек: Қарыздардан құтылыңыз. Сонда сіздің ақшаңыз көбейіп, қаржылық қиындықтар жойылатын болады. Сол сияқты ваннаны суға толтырып, түбіне бірнеше монета тастап, осы суға жуыныңыз. Үлкен сомадағы қаражатты жұмсамаңыз. Үйіңізде ақша болу үшін, оны сол күні үш рет есептеңіз: таңертең, түсте және кешке. Бейсенбі Юпитердің ықпалындағы күн болып есептеледі. Ол табыс пен берекенің, көбеюдің күні болып есептеледі. Сондықтан қаржы бойынша бұл күн ең табысты күн саналады.
Back to Top