ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2020 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2020 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ| Қызық Live “Қызық LIVE“ жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзіл-оспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды. Үшінші жыл қатарынан “Қызық Премия“ көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ең күтілетін іс-шаралардың бірі болды. Барлығы бәріне белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық LIVE” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ. Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация - “Қызық Премияның“ басты ерекшелігі. Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды. Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады. “Жылдың плагиаты“, “Үздік той-2020“, “Жылдың кешірім сұрауы“, “Жылдың фразасы“, “Кешью аптаның үздік құрамы“, “Хайп-2020“ секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы. “Жылдың плагиаты“ номинациясында белгілі әнші Серік Ибрагимов бір жыл бойы шетелдік әндерге “кавер“ жасаған әріптестерін әшкереледі. Ақтауда көшеде қайыр сұрап тұрған ер адамға қалтасындағы ақшасын берген кішкентай қыз Сабина “Жылдың меценаты“ атанды. Ернар Айдар “Боп тұрады“ номинациясында премия лауреаты болды. Сондай-ақ “Жылдың жекпе-жегі“ номинациясында республикалық телеарналардың біріндегі ток-шоуда қарсыласымен жаға ұстасқан танымал саясаткер Ермұрат Бапи жеңіске жетті. “Жылдың бейнебаяны“ және “Жылдың челленджі“ номинациясы жылдың ең белсенді әртістері Райым мен Артурға берілді. Жылдың жұбы ретінде Қуат Хамитов пен Сабина Алтынбекова емес, танымал актер, вайнер Жахан Отарғалиев пен “Кешьюдің“ бұрынғы әншісі Балжан Бидаш танылды. Сонымен бірге Премияға Қуат Хамитов, Нұрлан Қоянбаев, Мейіржан Төребаев, Ерке Есмахан, “Кешью“ тобы, Айқын, Айдана Меденова, Жахан Отарғалиев, Жания Джуринская, Нұрболат Абдуллин және басқа да танымал адамдар қатысты. Каналға жазыл / Подпишись на канал Жүргізушілер: Марат Оралгазин - Еркебулан Мырзабек - #ҚызықПремия #КызыкПремия #Қызық
Back to Top