ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2022 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2022 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live Каналға жазыл / Подпишись на канал “Қызық LIVE“ жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзіл-оспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды. Бесінші жыл қатарынан “Қызық Премия“ көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ең қатты күтетін іс-шаралардың бірі болып, Қызық Премия көру жаңажылдық дәстүрге айналып келе жатыр. Барлығы бәріне белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық LIVE” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ. Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация - “Қызық Премияның“ басты ерекшелігі. Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды. Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады. “ПЛАГИАТ 2022“, “Үздік Комментатор“, “Үздік сүйісу“, Жыл сериалы“, Жыл блогері, “Жыл адамы-2022“ секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы. «Жыл комментаторы» номинациясында Футболдан Әлем Чемпионаты мен барлық спорттық іс шараларда камера сыртында, кадрдан тыс жүрген қахармандар марапатталды. Әлімжан Асқар және Ермұхамед Мәулен өздерінің желіде хит болған фразаларымен танылып, көрермен көзайымына айналып, ЖЫЛ КОММЕНТАТОРЫ атағына ие болды. ПЛАГИАТ 2022 номинациясында Маченски мен Очоу таласып Тау адам әні жеңімпаз атанды. ЖЫЛ СҮЙІСУІ жаңа номинациясында «Күшік құда» фильміндегі Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзованың романтикалық сахнасы жүлдеге ие болды. Ал жыл интригасы танымал әнші әрі блогер Садраддин жасын анықтау болды. ҮЗДІК СЕРИАЛ 2022 атағына БАЖА, АППАҚ КЕЛІН, СӘКЕ, ЖЕЗДУХА, БАЙГАЙЗ, ПАЦАНСКИЕ ИСТОРИИ актерлері мен қатар Джохан, Сабиркин де таласқа кірісіп кетті. Назар Аудар театры актерлері Ақболат пен Ғазиз де бұл жүлдеден дәмелі екенін көрсетті. ҮЗДІК БЛОГЕР – НҰРЛАН ИМАМ атанып халыққа тиктокқа не үшін келгенін жайып салды. ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ Қураған Гүл әнімен ҚАРАКЕСЕК атанды Аңыз Адамдар номинацисында 22 жылдық тарихы бар ОРДА тобы марапатталды. Сонымен қатар Қызық Премия сахнасында жылдың ең үздік хиттері орындалды Райм, Калифарния, Ұланғасыр Қами Қызыл раушан, Ганвест «На рахате», Ерке Есмахан, Қазбек Құрайыш, Асха Принц сынды әртістер өнерімен қуантты. Сонымен қатар кеште жыл бойы барлығымз тыңдаған әндер орындалды. Жүргізушілер: Марат Оралгазин - Еркебулан Мырзабек - #ҚызықПремия #ҚызықПремия2022 #ҚызықLive #қызық
Back to Top