Бір отар қойды тиеп қашып бара жатқандар ұсталды

Бөтеннің бір отар қойын жүк көлігіне тиеп алып қашып бара жатқан барымташылар ұсталды. Полицейлер ұрыларды Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында қолға түсірген. Егістік алқабында тұрып қалған машинаны байқаған тәртіп сақшылары оны тексеру барысында 40 бас қойды анықтаған. Күдіктілер оны Өрнек ауылының маңынан ұрлап, Алматыға апарып сатпақ болыпты. Болжам бойынша, жәбірленушіге екі миллионға жуық шығын келтіріліпті. Тәртіп сақшылары малды иесіне қайтарған. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сезіктілер 3-тен 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top