Сонау бір күндей күркіреп өткен сұрапыл соғысқа қатысқан жүздеген қарасайлықтар да қан майданның қақ ортасында жүріп, елін, жерін ерен ерлікпен қорғады.
Отан үшін от кешкендердің сапында Қырғауылды ауылында тұратын 99 жастағы Керімтаев Иса атамыз да бар.
Иса Төлеңгітұлы өткен ғасырдағы 1921 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Райымбек (бұрынғы ВОГПУ-дың қосалқы шаруашылығы) ауылында дүниеге келген. 1928-1935 жылдары Жамбыл облысындағы қазіргі Отар стансасындағы мектепте оқыпты. Ал, 1936-1940 жылдары бойында жігер отты жалындаған, талабы таудай бозбала ҚазПИ-дің Түрген ауылындағы педагогикалық жұмысшылар факультетінде білім алған. Оны бітіргеннен кейін Қаскелең ауданындағы Ленин және Бірінші Май мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болған.
Жас ұстаздың жұмысы осылай жалғаса берер еді… Бірақ, көп ұзамай ашық аспанды қап-қара бұлт торлап, дүниенің астаң-кестеңі шықты, елдің батысынан естілген «Соғыс!» деген сұмдық суық сөз байтақ қазақ жеріне де «едел-жедел жетті»… Сөйтіп, 1942 жылы қазан айында ол да қолына қару алып
1 view
1045
302
1 year ago 00:10:31 1
БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАСАҒАН ҚОРҚЫНЫШТЫ БОЛЖАМДАРЫ ДӘЛ ШЫҒЫП ЖАТЫР
3 years ago 00:01:46 6
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ҚДТ (ДВК) ҚОЗҒАЛЫСЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ БІЛДІРЕДІ