Қала күніне берілген үйдегілер бүрсеңдеп отыр

Кім кімді алдап отыр? Талдықорғанда қала күнінде тапсырылған баспаналар тұруға толық дайын емес болып шықты. Көгілдір отынмен жылитын тұрғын үйлер табиғи газға да қосылмаған. Соның кесірінен 80 отбасы қоныстана алмай, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал, паналар жері болмай, ерте көшіп келген 20 отбасы күздің қара суығында жылусыз отыр. Мереке деп үйлерді уақытынан бұрын тапсырған шенеуніктер үшін жұмыс сапасы емес, абырой маңызды секілді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top