Шымкентте пневмония өршіді: 41 адам көз жұмды

Шымкентте де пневмония өршіп тұр. Өкпесі қабынғандар қатары осы айдың өзінде 5 есеге артып кеткен. Өкінішке қарай, 41 адам қайтыс болыпты. Жедел жәрдем қызметіне күніне 2 мыңнан астам қоңырау түсіп жатыр дейді дәрігерлер. Сондықтан, қала әкімдігі науқастарды қабылдайтын күндізгі стационарлардың санын көбейтуді қолға алған. Емхана мен ауруханалардан бөлек, медициналық орталықтар, мектеп, жатақхана, тіпті, спорттық нысандарды төсек орынмен жабдықтауға кірісті. Оларды дәрігерлер және мебдикелермен қамтамасыз ету үшін қосымша мамандар да тартылып жатыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top