Қазақстандағы 2019 жылғы сайлау

Соңғы 27 жылда Қазақстанда бес рет президент сайлауы өтті. Соңғы үшеуін ЕҚЫҰ-ның демократиялық институт және адам құқығы бюросы «халықаралық стандарттар мен міндеттерге сай емес» деп таныған. 9 сәуірде Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол сайлаудың «таза, ашық әрі әділ өтетініне кепіл болатынын» айтты.
Back to Top