“Билік халықтың иелігінде болу керек”. Беларусьтегі наразылыққа Қазақстан депутаттары не дейді?

9 тамызда Беларусь мемлекетінде президенттік сайлау өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясы 26 жыл президент болған Александр Лукашенконың 80 пайыз дауыс алғанын жариялады. Бірақ жұрт дауыстарының ұрланғанын айтып, наразылыққа шықты. Халық пен полиция арасында қақтығыстар болды. Қаза тапқандар да бар. Азаттық радиосы Беларусь мемлекетіндегі толқуға байланысты қазақстандық депутаттардың пікірін білді. Депутаттар «сайлау әділетсіз өтті» деген беларусь халқының талабы орынды екенін айтады. Ал 2019 жылы Қазақстандағы президенттік сайлау әділ өткенін алға тартады.
Back to Top