Биыл “Ұлағатты Ұрпақ“ жобасы бойынша Райымбек ауданының ауылдарынан 251 бала “Үздіктердің үздігі“ атанып шәкірт ақыға ие болды. Бұл балалар спорттан, білімнен, өнерден түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары. Біздің Қақпақ ауылымыздан 62 бала биылғы оқу жылын Үздік бітіріп, оның 20-сы шәкірт ақы иегері атанды. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе“-дейді дана халқымыз. Өйткені өскелең ұрпақ біздің болашағымыз. Оларға қамқор бола білу, аға буынның басты міндеті. Жақсы тәрбие алып, үлкеннің шарапатын көріп өскен бала, кейін азамат болғанда көргенін жасайтын болады. Тәрбиелі, білімді, өнерлі, спортшы, қайырымды, көшбасшы ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің басты мақсатымыз болу керек.