КЕСЕНЕНІҢ КИЕСІ! МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛІП АУРУДАН АЙЫҚҚАН АДАМДАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ!
Ал қадірменді көпшілік! Біздің осы жолғы шығарылым қазақтың кие қонған асылы, ардақтысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайында. Біз Астанадан арнайы 400 шақырым жол жүріп сол кісінің кесенесіне бардық. Өзі сол кесене ішінде жерленген. Кесенені көрсең көз тоймас биікте орналасқан екен. Құдды Мәшүр атамыз қазақтың кең даласына биіктен қарап жатқандай. Кесене осы уақытқа дейін бірнеше рет тұрғызылған екен. Машһүр Жүсіп атамыз қайтыс болмастан бұрын, 73 жыл өмір сүретінін болжап, көзі тірісінде өз қабірін қаздырып, асын беріп, сол жерге жерленген соң қырықжыл денесі шірімейтінін айтқан. Алайда денесін қозғамауын, орын ауыстырып, сыртқа шығармауын ескерткен.
Бүгіндері Кие қонған бабаның басына келіп зиярат етушілер көп. Біреулер бала сұрап, біреулер басқа сұрап келіп жатқанын көзіімз көрді. Сұрағандары қабыл болған жайттарды да өз құлағымызбен естіп, аурудан айықтым дегендерді өз көзімізбен көріп келдік. Шығарылым осы тақырыптар төңірегінде, ерінбей қарап шығып, тарихқа қаныңыз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан
1 view
130
40
1 year ago 00:29:28 1
КЕСЕНЕНІҢ КИЕСІ! МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛІП АУРУДАН АЙЫҚҚАН АДАМДАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ!