Біріншіден, сіз ораза ұстайтын жалғыз адам емессіз. Бұл оразаны сізге дейін де миллион адам ұстаған және Алла қаласа, сізден кейін де қаншама адам жалғастырады. Және олардың бәрі де бұл айды өте жақсы нәтижемен өткерді. Бірі нәпсісін тізгіндеп, өзгелермен қарым-қатынасын, мінезін түзеп алса, енді бірі білім деңгейін жетілдіріп, рухани қуат, азық алды.
Екіншіден, Алла Тағала құдси хадисте: «Адамзаттың барлық амалы өзі үшін, ал ұстаған оразасы Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін. Өйткені ол Менің разалығым үшін таң атқаннан күн батқанға дейін тағамнан, ішімдіктерден және жыныстық қатынастан бас тартты» - дейді (Бұхари, Муслим). Олай болса, оразаның құндылықтары, Алла алдындағы дәрежесі туралы толығырақ білуге асығыңыз, жиі еске алыңыз. Бұл сіздің оразаға деген құлшынысыңызды арттырады. «Биыл ұстамай-ақ қояйын, келесі жыл бар ғой» деген секілді ой келсе, қуылған шайтаннан Аллаға сыйыныңыз (Әъузу билләһи минәш-шайтонир-рожиим»). Себебі, адамды құлшылықтан тосу, азғыру – лағынеті шайтанның ісі.
3. Ораза тұтпау
64 views
2368
750
6 months ago 00:06:51 1
Құрбандық шалу үшін бірінші не керек? ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет