Салтанатты шара Алматы полиция Департаментінде өтті.
ПД-нің басшылығы, ардагерлер мен ЖҚАЖ жеке құрамы мемориалға гүл шоқтарын қою арқылы қызметте қаза тапқан әріптестерін еске алып, шеруге және қызметте ерекше көзге түскен жауынгерлерді марапаттау рәсіміне қатысты.
«Республикамыздың ішкі істер органдарының тарихында көптеген жеңістер мен жетістіктер болды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, осы уақытқа дейін, полиция күштері заң мен тәртіпті сақтап келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтаумен қылмыспен күресуде жасақ қызметкерлері әрқашанда алдыңғы шепте тұр. Бүгінгі күннің жаңа полициясы алдыңғы буындардың жетістіктерін сақтап қана қоймай, қоғамның заманауи сын-қатерлеріне төтеп беруі керек. Қазіргі жасақтың қызметкерлері аға буыннан алған тәрбиесін жалғастырып қызметтік міндеттерін абыроймен орындауда. Осы айтулы мереке күні, алдымен, біздің Ішкі істер органдарының қымбатты ардагерлерін құттықтағым келеді. Олардың адалдығы мен батылдығы біздің елімізде полиция қызметін дамыту мен жетілдірудің негізін қалады. Құрметті ардагерлер, біз Сіздерге қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін әрқашан алғыс айтамыз», - деді, Алматы қалалық ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Бүгінгі таңда Алматының ЖҚАЖ құрамында 600 спорт шеберіне үміткер, 42 спорт шебері және 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар.
«Мемлекетіміздің дамуы, тәуелсіздігіміздің тұрақты болуы, ел тыныштығы - әрбір полиция қызметкерінің, яғни Сіздерге жүктелген міндеттерді мінсіз, адал атқаруларыңызға тікелей байланысты.
Сондықтан, бірлесіп, ұйымшылдық танытып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында аянбай еңбек етсек, тәуелсіздігімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.
Барлық жеке құрамды және олардың отбасы мүшелерін кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қаурат және қызметтеріңізге табыс тілеймін», - деді, Арыстанғани Заппаров.
——————————————————————————
35-ую годовщину со дня образования СОБР отметили в Алматы
Торжественное мероприятие состоялось на базе Департамента полиции Алматы.
Руководство ДП, ветераны и личный состав СОБР почтили память погибших на службе коллег, возложив цветы к мемориалу, приняли участие в параде и церемонии награждения отличившихся в работе бойцов.
«В истории органов внутренних дел нашей республики было немало побед и достижений. С первых дней независимости полиция поддерживает закон и порядок. Сотрудники полиции всегда находятся на переднем крае охраны общественного порядка и борьбы с преступностью. Сегодняшние стражи порядка должны не только сохранить достижения предыдущих поколений, но и справиться с современными вызовами общества. Сотрудники СОБР совершенствуют профессиональные навыки, перенявшие у старшего поколения, и с честью выполняют свои обязанности. В этот знаменательный праздник, прежде всего, хотелось бы поздравить наших дорогих ветеранов ОВД. Их преданность и мужество заложили основу для развития и совершенствования полицейской службы в нашей стране. Дорогие ветераны, мы всегда будем благодарны за Ваш неоценимый вклад в обеспечение безопасности и мира», - отметил в своем выступлении начальник ДП города Алматы генерал-майор полиции Арыстангани Заппаров.
Сегодня в составе алматинского СОБР служат 600 кандидатов в мастера спорта, 42 мастера спорта және 4 мастера спорта международного класса.
«Развитие нашего государства, стабильность, спокойствие и мир напрямую зависят от безупречного и честного выполнения Вами задач, уважаемые коллеги! Еще раз поздравляю Вас с профессиональным праздником. Желаю Вам и Вашим близким крепкого здоровья, неиссякаемой энергии и успехов в работе на благо нашей Родины – Республики Казахстан», - резюмировал Арыстангани Заппаров.