Ал әлемнің кей елдері, міне бір апта болды, карантин режимін тоқтатып, біртіндеп бұрынғы өміріне оралып жатыр. Мұндай бақытты мемлекеттер тізімінде, басқаны айтпағанда, пандемиядан ең көп зардап шеккен АҚШ пен Италия бар. Бұл елдерде вирустың таралуы толығымен тоқтамаса да, қызыл тізімнің күнделікті ұлғаюы бәсеңдеген. Бірнеше айға созылған карантиннен кейін жұрт жаппай сыртқа ағылған екен. Саябақтарда қыдырып, емін-еркін суға шомылып жүр. Ал Германияда бірінші кезекте, сән салондары мен сауда орталықтары жұмысын жандандырыпты. Испанияда жұқпалы індеттің жаңа дерегі тіркелмеген бірнеше қалада стационарлар жабылса, Въетанамда инфекция толығымен ауыздықталды. Мұнда келесі аптадан бастап қонақ үйлер мен мектептер ашылады деп жоспарланып отыр. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоғарыдағы елдердің шешіміне алаңдауда. Өйткені, аурудың таралуы шарықтау шегіне әлі жетпеген. Сондықтан мұндай шараларға көшу әлі ерте, дейді дәрігерлер.
69 views
14
2
3 years ago 01:04:30 1
Мектептегі жемқорлық, қылмыскер оқушылар, діншіл қоғам - Асхат Аймағамбетов
4 years ago 00:49:53 18
ШАКО & Say Mo - ТОЙ - Online свадьба Толық шығарылым | Қызық Live