БҚО-да көлік ішіндегі үш бала суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында көлік ішінде отырған үш бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға демалыс күндері Шаған өзенінде болған. Табиғат аясына балалармен бірге серуендеуге шыққан отбасы көлікті биіктеу жерге қойып, балық ауламақ болыпты. Балғындар әдеттегідей далада ойнап жүріп, кейін машина ішінде телефон көретіндерін жеткізіпті. Сәлден соң, автомат басқарудағы көлік өздігінен суға жүріп кеткен. Мұны көрген ата-аналары дереу өзенге жүгіріп, балаларды құтқармақ болған. Алайда, автомобильдің есіктері бұғатталып қалыпты. Ал су ішінде терезе шыныларын сындыру мүмкін емес. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер бірден суға секіргенмен, тым кеш болды. 6, 7 және 9 жастағы балалар көз жұмды. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top