Өткен аптада үкіметке кеткен Дариға Назарбаеваның мәжілістегі қызметі ұзақ уақыт бос тұрмады. Әріптестерінің алдында үстел үстінен секіріп, бос орынға ұмтылып есте қалған депутат Абай Тасболатов, бұл жолы биігірек талпынып вице-спикердің креслосына жайғасты. Ал мәжіліс төрағасы жаңа орынбасарын таныстыру кезінде әзілдеймін деп, Конституцияға қайшы келе жаздаған сияқты.