Көлікті қашанғы шетелден тасимыз?

Еліміздегі импорттық көліктердің үлесі нарықта 40 пайызға жетті. Бұл отандық автомобиль өндірісі үшін жақсылықтың нышаны емес. Себебі өзімізде құрастырылатын темір тұлпарларға сұраныс төмендеп кеткен. Көпшілік берісі Ресей, арысы Армениядан тасып жатыр. Себебі сапасы жақсы, бағасы да қол жетімді. 7-8 млн-ға ортаңғы және төменгі класты көлікті алуға ешкім құлықсыз. Сол ақшаға ескі де болса, сапасы мен классы анағұрлым жоғары көліктерді қалайды. Бұл мәселенің ендігі шешімі қалай болмақ? Армениядан қашанғы көлік тасимыз, елге кіріп қойғандары қайтпек? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top