Ұлы дала батырлары - Тайлақ батыр

Тайлақ Бекежанұлы (XVIII ғасырда өмір сүрген) - қазақ батыры, қолбасшы. Халқымыздың ең елеулі тұлғаларының бірі, аты кең даламызға аңыз болып тараған, жан қысылып, халқымыз қызыл қанға боялған кезде білікті қолбасшы болған Тайлақ батыр тарихымыздың төрінен ерекше орын алады. Батырдың жас кезінен Әбілқайыр сұлтанмен бірге өсіп, бірге шыңдалғаны, дос болғаны, тіпті, той-думандар мен жоңғарларға қарсы жорықтарда да қатар жүргені, сондай-ақ, ерлігі мен адамгершілгі туралы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында кеңінен жазылған. Батырдың ерлігі мен сіңген еңбегі, өмір жолы туралы бағдарлама барысынды көре аласыздар. Тайлақ батырдың рөлінде - Халықаралық “Көшпенділер Атамұрасы“ қоғамдық қордың, Ұлы даланың “Тұрыл“ құсбегілік өнері орталығының жетекшісі Руслан Абыл​
Back to Top