«Құнанбай» көркем фильмі (реж: Досхан Жолжақсынов, 2015 ж.)

«Құнанбай» фильмі атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы бұрынғы Семей облысы қасиетті Шыңғыстаудағы Ақшоқы қыстауында дүниеге келді. Барлығына белгілі Құнанбайға жалпы ел билеу ісі, одан қалды ағайын арасындағы шиеленістер мен ру аралық дау-шарларды шешу оңайға түскен жоқ. Сондай сәттерде ол қашанда әділетке жүгінді. Құнанбай өз халқының жанашыр перзенті ретінде қалың бұқара алдындағы қарызы мен парызын терең түсінді. Ол баласы Абайдан мол үміт күтті. Оны ел жастайынан ел билеу ісіне баулыды. Алайда Абай (Ибраһим) әкесі күткен межеден асып түсті. Жастайынан жанына терең ойды серік еткен Абай туған халқының данышпан перзентіне айналды. Көп жыл өткеннен кейін Абай әкесін түсіне бастады. Ұлы ойшыл ретінде қазақ халқын әлемге танытты. Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ. Жанры: тарихи драма Қоюшы режиссері: Досхан Жолжақсынов Сценарийін жазғандар: Таласбек Әсемқұлов, Досхан Жолжақсынов Қоюшы операторы: Рифкат Ибрагимов Қоюшы суретші: Рустам Одинаев Композиторы: Төлеген Мұхамеджанов Продюсері: Мейірім Қарбозов Басты рөлдерде: Досхан Жолжақсынов (Кұнанбай), Нұрсифат Салықова (Зере), Әліби Сырайлы (Абай), Айдос Бектеміров (Барақ сұлтан ), Майра Омар (Күңке), Қарагөз Сүлейменова (Ұлжан) және т.б.
Back to Top