20 Сүре 5 Аят “Таққа орнықты“ дегенді білдірмейді. “Аль-Азхар“ университетінің жауабы.
بِسْـــــــــــــمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِـــــــــــــيم
Құранда былай деп айтылған :
لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَىْ ءٌ
« Аллаһ жаратылыстарына мүлдем ұқсамайды »
(42 Сүре «Аш-Шура», 11 Аят)
-
Имам Абу Джа’фар Ат-Тахауий [ 321-ші жылы дүниеден өтті] «Аль-’Ақида Ат-Тахауий» [ 10 ғасыр бұрын жазылған] кітәбінда былай деп жазды :
تَعَالى عن الحُدُودِ والغَاياتِ والأَركانِ والأَعضَاء والأَدَوَاتِ. لا تَحوِيهِ الجِهَاتُ السّتُّ كَسَائِرِ المُبْتَدَعَاتِ
Мағынасы:
Аллаһ шекара, шектеу, бұрыш пен ағза, мүшелерден пәк. Оны жаратылыстарды қамтитын алты тараптың (оң жақ, сол жақ, асты, үсті, алды, арты) біреуі де қамтымайды.
Бұл сөздердің мағынасы, Аллаһ төбемізде емес, астымызда емес, оң жағымызда емес, сол жағымызда емес, артымызда емес және барлық жерде емес. Аллаһ мекенді жаратқанға дейін мекенсіз болса, қазірде дәл солай мекенсіз бар.