ҚазҰУ-да жас ғалымдар көрмесі ұйымдастырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар көрмесі өтті. Онда факультет білім алушыларының табысты ғылыми әзірлемелері мен студенттік стартаптар таныстырылды. Шараның мақсаты – университеттегі жас ғалымдардың инновациялық жобаларын көпшілікке кеңінен таныстыру.Студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының президенті Арман Қашқынбеков, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары тамашалады.
Back to Top