Бақтыбайлықтар тас жолды неге жапты?

Алматы облысындағы Бақтыбай ауылының тұрғындары республикалық маңызы бар тас жолды жауып тастап, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Бұл әрекеттері арқылы азаматтар жол жөндеу жұмыстарының сапасына өз наразылықтарын білдірген. Осыдан үш ай бұрын біздің арнаның тілшілері тұрғындармен тілдесіп, жұрттың билікке айтар базынасын тыңдап қайтқан еді. Бірақ, содан бері мәселе шешілмеген соң, халық осындай қадамға баруға мәжбүр болған. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top