6 күн қорытындысы

🇰🇿 Бүгін романтикаға толы таң болды. Абылай көрермен қызды шоуға кездесуге шақырып, оған өз сезімін білдірді. Ал Зульфия болса ол уақыттың ішінде өз үйінен елестер тапты. Күндіз Абылай мен Зульфия ұлттық аспап - домбырада ойнауды үйренді. Қатысушылар екі сағаттың ішінде агенттер көрсететін әнді жаттап алулары керек болды. Оны жақсылап ойнап көрсету керек болған. Зульфия жеңді. Одан кейін қатысушылар шокермен ән айтты. Сөйтсек, Абылай қазақша ән білмейді екен. Кешкісін қатысушылар көрермендермен би үйреніп, олармен бірге флешмоб биледі. Көрермендер жаңбырға қарамастан Абылай мен Зульфияны қолдап, олармен бірге биледі. Және тағы бір қызықты тапсырма, олар эмодзилар бойынша жасырылған әндерді тапты.
Back to Top