Забира Оразалиева аржы бадарламасынд

МСҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева: “Желтоқсан айының соңына дейін Қорға 30 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, сақтандыру шеңберінде міндетті сақтандыру шеңберінде бір айда көрсетілетін қызметтер ақысы 50 млрд теңгеден асып жығылады. Ендеше, біздің жарты жыл бойы жинаған ақшамыз бір айлық қызмет ақысын төлеуге де жетпейді. Халық арасында жинақталған қаржыға қатысты алаңдаушылық бары рас. Ол қаржы сақтандыру жүйесінің резерві ретінде сақталады. Бұл резерв реформаның табысты жүзеге асуы үшін өте қажет. Одан бір тиын да шашау шықпайды“. Толығырақ - “Хабар 24“ арнасының “Қаржы“ бағдарламасында.
Back to Top