Алматыда жарылғыш зат пен қару тәркіленді

#КТКжаңалықтары Полицейлер жүргізген арнайы операциясы барысында өзге өңірлерден келген 4 азамат қолға түсті. Олар суық қаруларды өздерімен алып жүріп, заңсыз сақтап келген. Нәтижесінде «РГД-5» гранатасы, 4 патроны бар тапанша және пышақ табылды. 32-35 жас аралығындағы азаматтар мегаполисте көлік бөлшектерін саудалаумен айналысқан. Сондай-ақ, тергеу барысында олардың бұрын сотталғандығы анықталды. Қазір тәркіленген қару-жарақтың қайдан келгені,  басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. #Алматы #жарылғышзат #қару #арнайыоперация
Back to Top