Бүгін «Сөздің шыны керекте» - өздерін жәбірленуші деп таныстырған тараптың жанайқайын айтамыз. Бірі - жеті баланың әкесі, кенжесі аттан құлап, көзін зақымдап алған. Сол баласының еміне жинап қойған қаражатты құда балам полициямен келіп, бопсалады» - деп шағымданды. Екінші жағдай - Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Түймебаев ауылында болған. 17 мамыр күні көлігін жөндетуге барып, адам қолынан қаза тапқан 32 жастағы азаматтың өлімі. Ауылдағылар, марқұмды екі көлікпен жүрген жігіттер қуып жүріп, атып өлтіргенін айтады. Тіпті, қансырап өлген жігітті көліктеріне салып алып, біреуінің ауласына апарып көміп тастағанын, одан кейін өздері сушиге тапсырыс беріп, қыдырып кеткен көрінеді. Екі іске қатысты да жәбірленуші тарап полиция жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Мәселен, Алматы облысы, Нұра ауылының іргесінде мал бағатын Еркін Тазабеков, баласын емдетуге жинап қойған ақшасын Алматы қаласы, Алатау аудандық полициясының қызметкерлері түн ішінде қорқытып, бопсалады деп шағымданып отыр. Жеті баланың әкесі айтқан
1 view
234
53
1 year ago 00:14:55 1
ТОҚАЕВТЫҢ АТЫҢДАР ДЕГЕН БҰЙРЫҒЫ БАР. АТЫП ӨЛТІРЕМІЗ ДЕ ИТ СИЯҚТЫ ЛАҚТЫРА САЛАМЫЗ, ДЕДІ!