Асанәлі Әшімов: Болып жатқан жағдайды естіп жүрегім ауырып отыр

Белгілі актер, халық әртісі Асанәлі Әшімов Қазақстан халқын бірлікке шақырып, үндеу тастады. «Қымбатты бауырлар, қандастар! Мынау болып жатқан жағдайды естіп менің жүрегім ауырып отыр. Әр уақта елдің тыныштығы керек. Арандатушылар көп. Соларға ермеңіздер. Әр уақта мен халық әртісі ретінде сіздермен біргемін. Бірақ Үкіметтің сіздерге жасап жатқан жағдайына мен қосылам. Екі жақ келісіп, бір жақсы жағдайға келейік. Біз ынтымағы жарасқан елміз. Мен әр уақыта сіздермен біргемін», - деді ардагер актер елге жолдаған бейнеүндеуде.
Back to Top