Тәуелібайда аты елге мәлім болған Шегем - Мықтапберген жырау Алланазаров
Жырау Мықтапберген Алланазаров Тауелібайдың Жырық ауылында тұрып кеткен жыршы, күйші.
Өтті өмірден Мықтапберген жырауда.
Ажал жетсе адам тірі тұрарма?!
Кету үшін келген адам өмірге
Тек қазаның қайырын берсін бір Алла.
Қайғырамын қайғысына ортақпын.
Жамандаудан жазғырудан аулақпын.
Естілетін алты қырдың астынан
Жырау жайлы бір екі ауыз айтпақпын.
Домбырасын серік еткен жанына.
Жан еді Ол балаған жырды бағына.
Ғарифулланы пір тұтатын тамсанып
Ғарифулладан кем еместі даусыда.
Жүйрік саусақ пернелерді дөп басып.
Дауыс кетерді жыр айтқанда қыр асып.
Тамды елінде Жетісайда тойларда
Жырлайтынды таңды таңға жалғатып.
Замандастан шыққанында жыр айтып.
Жырық елі жүретін арқаланып марқайып.
Баламда сіздей жыршы күйші болсын деп
Қалғандар бар тырнақ алдырып бата алып.
Көмейіңе əн қонған ерек туған ер едің.
Ұрпағыңның ұлықтап ұмытпасына сенемін.
Бақұл бол Мықтапберген жырауым
Алла алдыңнан жарылқасын деп тіледім.
Шауқартегі Нұрлан Бəйімбетұлы
Фейсбуктегі ТАУЕЛІБАЙ - БАЙТАҚ ӨЛКЕ, ТУҒАН ЖЕР деген топтан алынды.
ht
3,864 views
297
64
7 years ago 00:12:46 4K
Тәуелібайда аты елге мәлім болған Шегем - Мықтапберген жырау Алланазаров