Истиғфар дұғасы | Әстәғфируллаһ әл-’Азим әлләзи лә иләһә иллә һууәл-Хайюл Қаййум уә әтубу иләйһ

Алладан кешірім сұраудың маңызы «...Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді». («Бақара» сүресі, 222-аят). Адам баласы әуел бастан қателік жасауға бейім тұрады. Кейде, тіпті қай тұста шалыс қадам жасап қойғанымызды білмейміз де. Сондықтан, кейде ойламаған жерден күнәлі іске қадам басып қойсақ, кейде сол істің күнә екенін біліп тұрсақ та, сол қателікті жасаймыз. Үнемі қателесіп тұрамыз, күнә жасаймыз және артқа шегініп, өкінеміз. Адам баласы табиғатынан күнә жасауға биім жаратылған және ол күнә мен қателік жасағандығы үшін емес, керісінше сол күнәларды жасаған кездегі қырсықтығы себепті айыпқа лайық.
Back to Top