Жер жаннаты Жетісудың әсем табиғатын енді вайнерлер насихаттайды.

Жер жаннаты Жетісудың әсем табиғатын енді вайнерлер насихаттайды. Талдықорғанда алғаш рет «Vine fest Zhetisu - 2019» фестивалі ұйымдастырылды. Әлеуметтік желіде көрермендері мен жазылушылары ең көп деген вайнерлер бірнеше күн бойы Алматы облысының көрікті жерлерін аралап, өз парақшаларында насихаттап, өзара бәсекеге түседі. Кейбір вайнерлердің оқырмандары ТМД елдерінен. Осы азаматтар арқылы Жетісудың тұмса табиғатын 10 миллионнан астам адамға паш ету көзделуде. Шара нәтижелі болса, оны дәстүрлі ету жоспары бар.
Back to Top