Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы – «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы бойынша шығарылатын «Аудиокітаптар» сериясының алғашқысы.
«Бақытсыз Жамал» – қазақ тілінде жазылған бірінші роман. Негізгі тақырыбы—ұлттық бостандықтың бір тармағы – әйел теңдігі.
Романның мақсаты «халықты түзетпек» екенін автор айта келіп, қалыңмал мен әмеңгерлік құрбаны болған қазақ әйелдерінің аянышты халіне өз қарсылығын білдіріп, шығарманың соларға пайдасы тиер деген үміті бар екенін жасырмайды. Романда қазақ қызының тағдыры мейлінше реалистік тұрғыда суреттелген. «Бақытсыз Жамал» кезінде қазақ арасында кеңінен тарап, жұртшылық тарапынан жоғары бағасын алды.
Осы роман жарық көргеннен кейін «Бақытсыз Жамалға» еліктеп талай романдар жазылды. Кезінде авторымен бірге жазаланып, әдеби айналымнан шығып қалған «Бақытсыз Жамал» еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, М. Дулатұлының шығармашылық мұрасы ретінде әдебиет тарихы қатарына қайта қосылды.
Роман мектеп оқушылары мен жалпы тыңдарман қауымға арналған.
Оқығандар: Б. Есеналиев, С. Тұрдахунова
Композитор: Ә. Мамбетов
ЕСКЕРТУ! Бағдарлама тек жеке тыңдауға арналған. Толық немесе жарым-жартылай қайта жазуға, сондай-ақ радио және интернет арқылы таратуға тыйым салынады!
1 view
234
99
1 year ago 00:09:34 1
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ. Қазақтар арабша жазған ба? Руналық жазу деген не?
1 year ago 00:11:27 1
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖАЙЛЫ БАР ШЫНДЫҚ! Алаш қозғалысынан басқа не жасады? Төте жазуы деген не?