Жаңбырмен жаным егіз САТИЕВ АМАНКЕЛДІ

Сатиев Аманкелді - Жаңбырмен жаным егіз (2021) Жүктеу: Жаңбырмен жаным егіз Мұң арылмай көзден мына, көңілден, Нұрын төкпей тұр-ау күн де көгімнен. Түнерген бұлт сеніменен жылайын, Жаңбыр болып көздеріңнен төгілген. Төгілсінші,  шер-мұңым да жүректен, Жетер бәлкім, іште сырым түнеткен. Ағып кетсін, сумен деймін бүкіл зіл, Бес батпан боп, көңілді бір кір еткен! Жаңбырлы күн жалаң аяқ жүрейін, Қосылып мен, бір жылайын, күлейін... Найзағаймен қоса бірге күркіреп, Жарқ етіп бір жарқын өмір сүрейін!!! Қате тапсаң, түзетуді комментке жаза салшы. Рақмет!
Back to Top