Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру“ бағдарламасы және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың “Бақытты бала“ жобасы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру“ бағдарламасы және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың “Бақытты бала“ жобасы аясында 1 мамыр мерекесі күні мектебімізде 2002-2005 жылы туылған қыз балалар арасындағы волейбол жарысы өтті. Ойынның мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу. Ойын нәтижесінде мектебіміздің командасы І орын, №8 ЖОББМ командасы ІІ орын, мектебіміздің екінші құрама командасы ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары Маукенова Жансая “Үздік ойыншы“, Дүйсалина Аружан “Үздік доп көтеруші“ атақтарымен марапатталды. Ұйымдастырған: дене тәрбиесі пәні мұғалімі, жас маман Шамшырақ Серік Амангелдіұлы. #1мектеп_гимназиясы #Құттықтаймыз?? #МӘҢГІЛІК_ЕЛ #РУХАНИ_ЖАҢҒЫРУ #БАҚЫТТЫ_БАЛА #ЫНТЫМАҚ #БІРЛІК #ДОСТЫҚ #ДОСТЫҒЫМЫЗ_ЖАРАСҚАН
Back to Top