ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды: 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; 3) қоршаған ортаны қорғау; 4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; 5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; 7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету; 8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу; 9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; 10) мәдениет пен өнерді дамыту; 11) тарихи-мәдени мұраны қорғау; 12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту; 13) өздерінің есебі
Back to Top