Алматыда шетелдік жезөкшелер жұмыс істеген притон әшкереленді. Бұл жерде Моңғолияның екі азаматшасы әкімші болып қызмет еткен. Олардың басшылығымен интим-кәсіппен жеңіл жүрісті 10 қыз жұмыс жасаған. Мекеме сыртында боди-массаж жасайтындары туралы жарнама ілініп тұр. Сырттан қарағанда қарапайым үш қабатты тұрғын үй, ал ішінде жеке кушеткалары бар, сауна, бассейн басқа да тематикалық бөлмелері болған. Қарантин кезінде қызметкерлер тек тексерістен өткен клиенттерді қабылдапты. Жалпы 12 адам ұсталды: үшеуі Моңғолиядан келген, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан қалғаны еліміздің басқа облыстарынан келген жеңіл жүрісті қыздар. Интимдік сипаттағы массаж жасауға үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, “Санитарлық-эпидемиологиялық“ заңнама талаптарын бұзған салон қызметкерлеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.
47 views
10
1
4 years ago 00:00:53 848
Алматыда жезөкшелер ұясы әшкереленді
7 years ago 00:01:08 161
Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін ірі жезөкшелер ордасы анықталды ()