Қордайдағы қарт кісі мен ұлдарын соққыға жыққандар сотталды
Қордай ауданында қарт кісі мен оның ұлдарын ұрып-соғып, бүлік шығарған Марат Юнху мен Эрсман Юнху сотталды. Жаппай тәртіпсіздікке себепкер болып, ақсақалдың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталған әкесі мен ұлының ісіне қатысты үкім шықты. Судья оларды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Құдашбаевтар жапа шеккен отбасы болып танылды. Айыпталушылар жәбірленушілерге моральдық зиян келтіргені және олардың өкілдерінің қызметі үшін жалпы 3 миллион және 750 мың теңге төлеуге міндеттелді. Бұзақылар жазаларын қауіпсіздігі орташа колонияда өткізеді. Еске салайық, сұмдық оқиға 5-ші ақпан күні Сортөбе ауылында тіркелген болатын. Күні кеше қамауға алынған Бекбол Қибаев тергеу изоляторында көз жұмды. Ол санузелда сол қолының білегі кесілген күйде табылған. Болжам бойынша, күдікті көп қан жоғалтып демі үзілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
58 views
20
2
5 years ago 00:00:53 338
Қордайдағы қарт кісі мен ұлдарын соққыға жыққандар сотталды