«Дипломмен ауылға» барғандар қарызға батты

Алматы облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен туып-өскен жерін көтеруге барған жас мамандар белшеден қарызға батып отыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша пайызсыз несие алған мамандар берешекті кешіктірмей, уақтылы төлеп келіпті. Алайда, соның өзінде өсімпұл қосылған. Осылайша, борышкерлердің жалпы қарызы 20 миллион теңгеден асып кетіпті. Құзырлы органдарға шығым түсіргендерімен нәтиже болмаған. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top