Көкөнісі піскен оңтүстік диқандардың еңбегі зая кеткелі тұр

Оңтүстікте көкөніс пісті. Бірақ, осының бәрі шіріп кетейін деп тұр. Егер оны өткізу мәселесе тез арада шешілмесе. Бұл қырыққабат тұтас елді-мекендердің наны. Жер еміп күн көріп отырған жұрт табыссыз қалады. Пісіп тұрған өнімді көтерме сауда арқылы алып кету мұң болып тұр. Карантин. Шарауалар шетелге шығара алмайды. Бұрын Ресейден келіп, тұп-тура егістік алқабынан камаз-камазбен тиеп әкететін, қазір олар да кіре алмайды. Енді біраз уақыт өтсе далада жатқан өнім шіриді. Қайтпек керек? Биліктен қандай қайыр болмақ? Қырыққабаттың қырық проблемасына бір шешім табыла ма, әлде диқандарымыздың табан ақы маңдай тері көктемгі қар мен еріп, желге ұшып, жерге сіңіп кете ме? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top