Шешендік сөздер - Қасенханның Асанқайғы атануы

Асанқайғының шын аты Қасенхан екен. Ол он екі жасар бала күнінде шүршіттің ханы Еженхан қазақтарға: «Айғырын кісінетпесін!» — деп жарлық қылыпты. - Егер, далада жүріп қазақтың айғыры кісінесе, менің қорадағы биелерім құлын тастайды. Айғыры кісінегеннің басы айдауда, малы талауда болады,— депті. Жұрт мұны есітіп, уайымға түсіп, күйзеліпті. Он екі жасар Қасенхан халыққа: - Бұл үшін уайым жемеңдер. Қырық жел мая тауып беріңдер. Ежен ханға барып, бұл жарлығын қойдырайын, сөйтіп кеңшілік алып келейін
Back to Top